Бас жаңалықтар
Шымкентте коронавирусқа байланысты 16 аумақ оқшауланды
10 Сәуiр 2020, 19:15 136

Шымкентте коронавирусқа байланысты 16 аумақ оқшауланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус инфекциясының кең таралмауына және қауіпті індеттің алдын алу мақсатында Шымкент қаласында 16 аумақ оқшауланды. Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Полиция департаментінің мәліметінше, оқшауланған аумақтарда 163 полиция қызметкерлері жұмылдырылған. Медицина мамандары да тәулік бойы қызмет атқаруда. Ошақтарда науқастардың тұрғылықты жері бойынша дезинфекция жүргізіліп, үздіксіз эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізілуде.

Оқшауланған мекенжайларға тоқталсақ, олар: 
1.Жұқпалы аурулар ауруханасы; 
2."Атамекен" медициналық орталығы; 
3."Мейірім" оңалту орталығы; 
4.№2 қалалық ауруханасы (Медикус); 
5.Психикалық сауықтыру орталығы; 
6."Жаңаталап" шағынауданы; 
7."Самал-1" шағынауданы, Тайманов көшесі 14 үй; 
8.Мақталы 120 үй; 
9.Желтоқсан 3а үй; 
10.8 шағынаудан, 53 үй; 
11.Төреқұлов көшесі 204 үй; 
12."Солтүстік-батыс" шағынауданы (Ұшқиян 644); 
13."Асар-2" шағынауданы Шаттық-74; 
14."Қайтпас-1" шағынауданы, Алтай көшесі 15 үй; 
15.Сайрам ауылы Әл-Фараби көшесі 25 үй; 
16. "Сәуле" шағынауданы, Жастар, Бәйдібек ата, Ғ. Мұратбаев, Баянауыл, Көктөбе көшелері.

Айта кетсек, қазіргі таңда Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының жалпы 31 жағдайы тіркелген.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...