Шымкентте компьютерлік томография кабинеті ашылды

8 Қыркүйек 2021, 16:45
2222
Бөлісу:
Шымкентте компьютерлік томография кабинеті ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласындағы Жүрек орталығында заманауи компьютерлік томография кабинеті ашылды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жаңа қондырғы Корея елінен арнайы әкелінген. Томография кабинетін аралап көрген қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б. Позилов жүрек ауруларынан болатын өлім-жітім санын азайтып, науқастарды дер кезінде диагностикалауда құрылғының маңыздылығын атап өтті. 

Жоғары сапалы томографияны қолдану - қан айналымы жүйесінің аурулары диагностикасында, кеуде артериясына, аортаға инвазивті емес ангиография жасауда - «алтын стандарт». КТ көрсеткен диагностикалық тапсырмаларды сапалы әрі саны бойынша да шешуге мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы