Бас жаңалықтар
Шымкентте карантин 9 қарашаға дейін ұзартылды
24 Қазан 2020, 14:39 268

Шымкентте карантин 9 қарашаға дейін ұзартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Әбдіманап Түлебаевтың өзгерістер мен толықтырулар енгізілген қаулысы жарияланды.

Шымкент қаласы аумағында 2020 жылғы 26 қазан сағат 00.00-ден бастап 2020 жылғы 9 қараша сағат 00.00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылды, - делінген қаулыда.

Қаланың бас санитарлық дәрігері 2020 жылғы 25 қыркүйектегі №39 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:

- Көше форматында ашық алаңда жұмыс жасайтын қоғамдық тамақтану нысандарының және 50 орынға дейін арналған үстелдер орналастырылған үй-жағдайдағы қоғамдық тамақтану нысандарының (кафе, мейрамханалар, лаундж-барлар, спорт-барлар, асханалар, кофейнялар және кулинариялар) жұмысы шектелсін;

- Жеке ғимараттардағы СОО кешендерінің жұмысы күнделікті, демалыс және мереке күндері сағат 07.00-ден 23.00-ге дейін шектелсін;

- Мерекелік, мерейтойлық іс-шараларды өткізуге (банкет, той, еске алу, туған күн, шығарып салу, құдалық, беташар), фудкордтардың, банкеттердің жұмыс істеуіне тыйым салынсын;

- Белгілі бір топтардың (ауысымдық жұмысшылар, медицина қызметкерлері, спортшылар) орналастыруға келімшарты бар объектілерді қоспағанда, туризм мен халыққа жатын орындарды ұсынатын қызметтердің саласындағы нысандардың қызметі (қонақ үйлер, демалыс үйлері, туристік базалар) қонақтардың саны жобалық қуаттылығынан 80%-тен аспаған жағдайда қалыпты режимде ұйымдастырылсын, сонымен қатар нысанда тұрғындарға қызмет көрсететін (тамақтану, кір жуу, үтіктеу) жұмыстар қалыпты режимде ұйымдастырылсын;

- Көрермендердің қатысуынсыз, бір мезгілде 100 адамнан асырмай жинақтап, қаулының талаптарын және тиісті аумақтардың бас санитарлық дәрігерлерінің келісімі бойынша күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда ҚР-ның чемпионаттарын және республикалық жарыстарды өткізуге рұқсат берілсін;

- Көрмелер, ойын-сауық, спорттық, отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды, форумдарды, конференцияларды, семинарларды адамдардың көп жиналу орындарында, оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынсын;

- Цирк, караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтар, балалардың ойын алаңдары мен жабық бөлмелердегі аттракциондар, мұз алаңдары, батуттардың, букмекерлік кеңселердің жұмысына тыйым салынсын.


Фото: дереккөз
Загрузка...