Бас жаңалықтар
Шымкентте екі мыңға жуық азамат кәсіптік білім алды
10 Желтоқсан 2020, 23:52 440

Шымкентте екі мыңға жуық азамат кәсіптік білім алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Шымкент қаласында 2 мыңға жуық азамат 21 мамандық бойынша 32 білім беру ұйымында қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Оның ішінде, 1040 адам жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес, қалған 960-ы оқу ваучері бойынша білім алды.

Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы мамандарының мәліметінше, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды тәмамдап, тиісті куәлігін алған азаматтар мемлекеттік грантқа қатыса алады. 

Оған қоса, жаңадан меңгерген мамандықтары заман талабына сай кәсіпорын немесе мекемелерге жұмысқа орналасуға зор мүмкіндік беред, - делінген жұмыспен қамту орталығының мәліметінде.

Мәселен, кәсіптік оқыту еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар мен дағдылар бойынша кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыруды қамтиды. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өту үшін қала тұрғындары халықты жұмыспен қамту орталығына келіп, жұмыссыз ретінде тіркелулеріне болады немесе Telegram желісіндегі @CZN_SHYMKENTBot жүйесі арқылы кезекке тұруларына мүмкіндіктері бар. Білім алушыларға ай сайынғы стипендия төленеді.




Фото: дереккөз
Загрузка...