Шымкентте егіс алқабынан 18 мың тоннаға жуық өнім жиналды

6 Тамыз 2020, 16:44
1461
Бөлісу:
Шымкентте егіс алқабынан 18 мың тоннаға жуық өнім жиналды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында биыл егістік алқабынан 15 650 тонна өнім алынды. Оның ішінде 10 450 тонна дәнді дақыл, 5 200 тонна көкөніс пен бақша өнімдері, картоптың 2100 тоннасы жиналды. Шаруалар  майлы дақылдар мен мал азықтық дақылдарын, картоптың қалған бөлігін алдағы уақыттағы жиынға қалдырған. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының айтуынша, биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 27,6 мың гектарға жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1 мың гектарға артқан. 

Дала жұмыстарына тракторлар, тұқым сепкіштер, жер қопсытқыштары, топырақ өңдейтін агрегаттардың 95 пайызға жуығы жұмылдырылып, егу мерзімдері толығымен сақталды.

Сонымен қатар, минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялау бағдарламасына сәйкес 105  млн теңге қаржы бөлініп, бүгінгі таңда 74,5 млн теңгеге 1125  тонна тыңайтқыш субсидияланған.

Қалада жалпы ауыл шаруашылығы мақсатында 62,6 мың гектар жер көлемі бөлінген. Егістік жер - 39,5 мың гектар болса, суармалы жерлердің көлемі 11мың гектарды алып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы