Шымкентте дезинфекция деп су сеуіп жүр

28 Шілде 2020, 21:11
2892
Бөлісу:
Шымкентте дезинфекция деп су сеуіп жүр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желіде дезинфекция деп қала көшелеріне қара су шашып жүргендердің видеосы жарияланды.

Видеоны түсіріп жүрген әлеуметтік желі қолданушының айтуынша, дезинфекция деп еш хлордың иісі жоқ су шашып жүрген.

Мына суларыңда хлордың иісі жоқ қой. Неге халақты алдап жүрсіңдер? Міне, мен бетімді де, көзімді де жуып тұрмын, дым хлордың иісі жоқ. Іш десеңдер ішіп берейін. Осы үшін мемлекеттен қаншама қаржы бөлінді ғой, ұялмайсыңдар ма?, – деп ашынды желі қолданушы.
Алайда, дезинфекция жасаушылар бұны әкімшіліктің бергенін айтып, өздерін таныстырудан бас тартты. Ал, әзірге жергілікті әкімшіліктен бұл жағдайға қатысты ешқандай түсініктеме берілген жоқ.


Өзгелердің жаңалығы