Шымкентте биыл бір миллион шаршы метр үй салынады – Әйтенов

24 Маусым 2021, 13:55
4040
Бөлісу:
Шымкентте биыл бір миллион шаршы метр үй салынады – Әйтенов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласының басшысы осылай деді. 

Осылайша, өткен жылмен салыстырғанда тұрғын үйді 1,5 есеге арттыратын болады. 

Шымкент қаласында жеке салушылар есебінен 8639 пәтерлі 178 көпқабатты тұрғын үй салынуда. Ал бюджет есебінен 5912 пәтерлі 97 көпқабатты үй бой көтереді деп жоспарланған.

Баспана мәселесі азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатымен тікелей байланысты.  

Құрылыс жұмыстары алғашқы 5 айда 28 млрд теңгені құрады, - деді қала әкімі.  
Оның айтуынша, Шымкент биыл да құрылыс жұмыстары бойынша жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп отырған көрінеді.

Бұған дейін Әйтенов Шымкенттік кәсіпкерлер 17,8 млрд теңгеге несие алғанын айтты.
Өзгелердің жаңалығы