Коронавирус: Шымкентте енесі мен келіні бір күнде қайтыс болды

31 Шілде 2021, 19:54
4000
Бөлісу:
Коронавирус: Шымкентте енесі мен келіні бір күнде қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте бір үйдің келіні мен енесі коронавирустан көз жұмды. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позиловтың сөзінше, егде жастағы әжей той-томалаққа барып, індет жұқтырған екен.

Кейін үйіндегі аяғы ауыр келінінен де қауіпті індет анықталыпты. Емханаға екеуі де қиын жағдайда түскен дейді қаланың бас дәрігері. Дәрігерлер келіншектің баласын аман алып қалды.

Енесі той-томалаққа барып, ауру жұқтырады да, ауруханаға түседі. Сөйтіп, ауруханаға түседі, артынша ауру жұқтырғаннан кейін аяғы ауыр келіні болады. Ол түседі ауруханаға. Ол келіні вакцина салмаған, енесі де вакцина салмаған. Екеуі 1 күнде қайтыс болады. Баласын аман алып қалдық, - деді Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов.

Өзгелердің жаңалығы