Шымкентте баспана кезегінде тұрғандарға жалдамалы пәтер берілді

2 Мамыр 2019, 10:53
2054
Бөлісу:
Шымкентте баспана кезегінде тұрғандарға жалдамалы пәтер берілді
PHOTO

Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнінде Shymkent city қалашығында орналасқан 9 көпқабатты тұрғын үйлердің пәтер кілті тапсырылды. Ондаға 540 жалдамалы пәтер көпбалалы отбасыларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа да әлеуметтік аз қамтамасыз етілген азаматтарға берілді.

Көпбалалы отбасыларға баспана кілтін тапсырған қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов олардың «Шымкент сити» қалашығындағы алғашқы тұрғындары екенін айтты. Оның сөзінше, бұл Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың белгілеп берген еліміздің жаңа әлеуметтік саясаты «Әлеуметтік қамқорлық» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр.


Шымкентте баспана кезегінде тұрғандарға жалдамалы пәтер берілді


«Шымкент сити» қалашығы шаһарымыздың жаңа әкімшілік-іскерлік, мәдени орталығына айналады. Бұл қалашықта халықтың қажеттілігі үшін барлық жағдай қарастырылатын болады. Әлеуметтік нысандар – мектептер мен балабақшалар, емханалар және қала тұрғындарының тынығатын демалыс орындары, кино және концерт залы, спорт кешені, конгресс холл және тағы басқа көптеген ғимарат бой көтереді. Біздің ең басты мақсатымыз - қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасау», - деді әкім.

Айта кетейік, Шымкентте жыл соңына дейін 828 пәтерлі 14 арендалық коммуналдық тұрғын үйлер берілетін болады. Бұдан басқа, «7-20-25» ипотекалық бағдарламалары арқылы 246 пәтерлі 5 кредиттік тұрғын үй берілсе, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы Нұрсат тұрғын алабында 656 пәтерлі 11 кредиттік тұрғын үй, СПК «Шымкент» арқылы 1016 пәтерлі 24 кредиттік тұрғын үйлер тапсырылады.


Шымкентте баспана кезегінде тұрғандарға жалдамалы пәтер берілді


Өзгелердің жаңалығы