Шымкентте банк бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалды

18 Наурыз 2020, 05:34
1382
Бөлісу:
Шымкентте банк бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте банк бөлімшесіне шабуыл жасалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

17 наурыз күні банк бөлімшесіне шабуыл жасаған күдікті ұсталды. Банктің осы бөлімшесін күзетуді қамтамасыз еткен Күзет агенттігі қызметкерінің жеделдігі мен қырағылығының арқасында күдікті қылмыс орнында ұсталғанын айта кету керек. Полицейлер қылмыстың барлық мән-жайын тексеріп, сыбайластардың бар-жоғын анықтауға бағытталған қажетті тергеу шараларын жүргізеді, - делінген ақпаратта.

Қазір күдіктіге байланысты ҚР ҚК-нің 192-бабы (қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.



Өзгелердің жаңалығы