Шымкентте бадминтоннан Қазақстан чемпионаты өтеді
16 Қазан 2021, 20:00 190

Шымкентте бадминтоннан Қазақстан чемпионаты өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте бадминтонннан жекелей-командалық Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған республикалық бәсеке Шымкентте орналасқан Орталық-Азия бадминтон орталығында ұйымдастыырлады. Ел біріншілігіне Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Алматы, Түркістан және Батыс, Шығыс Қазақстан облыстары мен Шымкент, Алматы қалаларынан командалар қатысады.

18 қазан күні басталатын дода 24 қазанға дейін жалғасады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...