Шымкентте Азиядағы ең үлкен ату кешені салынып жатыр

6 Тамыз 2020, 13:28
1999
Бөлісу:
Шымкентте Азиядағы ең үлкен ату кешені салынып жатыр
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында "SHOOTING PLAZA" әмбебап ату кешенінің құрылысы бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылуда. Бұл жөнінде қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады. 

Кешен құрылысы аяқталғаннан кейін Шымкентте ату спорты түрлерінен халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстар өткізу мүмкін болмақ.

Мамандардың айтуынша, "SHOOTING PLAZA" кешені бұрынғы Комсомол көлі ауданындағы "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық автожолына жақын жерде ату алаңы аумағында орналасқан. 

Жалпы ауданы 14 гектарды құрайды. Нысан осы жылдың қазан айында пайдалануға беріледі деп жоспарланған. "SHOOTING PLAZA" -  жобасы толыққанды жаттығу кезеңін ұйымдастыру және ату спорты түрлері бойынша Әлем чемпионаттары секілді ірі спорттық іс-шараларды өткізу үшін барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі, - делінген таратылған ақпаратта.

Аталмыш кешен Азия аймағындағы ең ірі ату кешені болады. Жобаның құрылысы ату спортын одан әрі дамытуға үлесін қосады.  

WhatsApp Image 2020-08-06 at 11.27.32.jpeg 

"SHOOTING PLAZA" құрылысы - Халықаралық спорттық ату Федерациясы мен Азия ату конфедерациясының ұзақмерзімді ынтымақтастығының нәтижесі.

Айта кетейік, ату спортының жүйріктері Токиодағы XXXIІ жазғы Олимпиада ойындарына алғашқы екі лицензияны жеңіп алды. Бүгінгі таңда ату спорт түрінен Қазақстан ұлттық құрама командасының негізгі құрамының  60%-ы Шымкентте тұрады.

Өзгелердің жаңалығы