Шымкентте «Атамекен» медициналық орталығы ашылды

16 Желтоқсан 2020, 07:42
3279
Бөлісу:
Шымкентте «Атамекен» медициналық орталығы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында Тәуелсіздік мерекесіне орай «Атамекен» медициналық орталығы ашылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жаңа орталықтың ашылу салтанатына қала әкімі Мұрат Әйтенов онлайн режимде қатысты.

Заман талабына сай салынған ғимаратта емдеу кабинеттері, мәжіліс пен медициналық бөлмелер бар. Барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Емдеу мекемесінде бір ауысымда 500 адамды қабылдайтын емхана да бар.

Құрылысы 2017 жылы басталған нысан Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында есігін айқара ашты. Төрт қабатты орталық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бой көтеріп отыр. - делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, COVID-19 пандемиясы кезінде «Атамекен» медициналық орталығы провизорлық және инфекциялық аурухана ретінде жұмыс істеген болатын.

 


Өзгелердің жаңалығы