Шымкентте 60 мыңға жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды

24 Желтоқсан 2019, 07:48
4134
Бөлісу:
Шымкентте 60 мыңға жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға мемлекет тарапынан бөолнінген қаржылар кезең-кезеңімен беріліп келеді. Жыл басынан бері 81 мыңға тарта отбасыдан өтініш түскен болса, 58 мыңнан аса отбасыға 44,2 млрд теңге тағайындалған.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасынан хабарлағандай, атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген 13 211 отбасының құжаттары кері қайтарылған. Бұл өтініш тапсырған барлық отбасылардың 26% құрайды.

Өз кезегінде сала мамандары биылғы жылы қабылданған өтініштердің саны өткен жылмен салыстырғанда 6,7 есеге артқанын айтып отыр. Қазіргі таңда 50 794 отбасыға немесе 253 970 адамға 16,8 млрд теңге төленген.

Сонымен қатар қалалық мәслихаттың шешіміне сәйкес аз қамтамасыз етілген азаматтарға бір реттік әлеуметтік көмек тиісті талаптарға сәйкес төленеді. Яғни, отбасының табысы жан басына шаққанда 2 АЕК-тен (5 050 теңгеден) аспаған жағдайда 40 АЕК (101 000 теңге) беріледі. Жергілікті бюджеттен аталған көмекке 1000 отбасыға 101,0 млн теңге төленіп үлгерген.

Ал 1 маусымда "Балаларды қорғау күніне" 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға бір реттік 5 АЕК-тен немесе 5 656 балаға 12 мың теңгеден әлеуметтік көмек берілген.



Өзгелердің жаңалығы