Бас жаңалықтар
Шымкентте 2021 жылы 32 білім ошағының құрылысы жүргізіледі
27 Қаңтар 2021, 08:38 493

Шымкентте 2021 жылы 32 білім ошағының құрылысы жүргізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында 2020-2025 жылдар аралығында кешенді жоспарға сәйкес жалпы 63 882 орындық 85 білім ордасының құрылысы жүргізіледі. Оның ішінде 63-і жаңа, 22-і қосымша құрылыс, деп хабарлайды Оtyrar.kz.

Кешенді жоспарға сай атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлары жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтеновке білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева баяндады.
Биыл 22 272 орындық 32 білім ошағының құрылысы жүргізіледі. Оның ішінде 21 жаңа құрылыс, 11 қосымша құрылыс нысаны бар. 12 мектептің құрылысы мемлекеттік бюджеттен, 19 мектеп инвесторлар мен кәсіпкерлер есебінен қаржыландырылады, – деді басқарма басшысы.

Айта өту керек, өткен жылы 10 нысанның құрылысы жүргізілді. Атап айтанда 4 жаңа, 4 қосымша, 2 өнер мектебі ашылды. Одан бөлек, 15 мектепке күрделі жөндеу жүргізіліп, 17 спорт алаңы жаңартылды.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...