Шымкентте 130 мыңға жуық адам онлайн санақтан өткен

16 Қыркүйек 2021, 04:36
16462
Бөлісу:
Шымкентте 130 мыңға жуық адам онлайн санақтан өткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте халық санағы белсенді түрде жүргізілуде. Бұл туралы қалалық Ұлттық статистика бюросы департаментінің баспасөз хатшысы мәлімдеді.

Оның сөзінше, қазіргі сәтке дейін 130 мыңға жуық адам онлайн санақтан өткен. Қалада 1 кезеңге 200-ге жуық қызметкер тартылса, 2 кезең үшін 1500-ге жуық азамат уақытша жұмысқа алыну жоспарлануда.

15 қыркүйек сағат 9:00-ге дейінгі жағдай бойынша Шымкент қаласы бойынша 129 207 респондент онлайн санақтан өтті. Олардың ішінде 110 662-сі sanaq.gov.kz сайтынан өткен. 13 538 адамы egov порталында тіркелу арқылы жауап берсе, ал 5007 адамы санақтан Aitu қосымшасы арқылы өтті, – дейді Шымкент қаласы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаментінің баспасөз хатшысы Естай Жақаев.

Өзгелердің жаңалығы