Бас жаңалықтар
Шымкентте тағы бір мамандандырылған ХҚКО ашылды
27 Наурыз 2019, 20:34 964

Шымкентте тағы бір мамандандырылған ХҚКО ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Шымкент қаласында екінші мамандандырылған ХҚО-ның ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік  корпорациясы КЕАҚ-тың баспасөз қызметі.

Енді көлік жүргізушілері автокөліктерді қайта тіркеу және жүргізуші куәлігін ауыстыру сияқты мемлекеттік қызмет түрлерін Қ.Түлеметов көшесі, 35 мекенжайында орналасқан фронт-офисте жүзеге асыра алады. Орталықтың ашылу салтанатына Шымкент қаласы əкімінің орынбасары Данат Жұмин, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиал директоры Бахыт Басымбек және қалалық полиция басқармасының бастығы Ералы Жұмаханбетов қатысты.

Жаңа мамандандырылған ХҚО мемлекеттік корпорацияның Шымкент қаласындағы тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсететін он бірінші фронт-офиске айналып отыр.  

«Шымкент шахары миллион тұрғыны бар жеке қала статусын алды. Экстерриториалдылық қағидаты бойынша мұнда жақын жатқан аудандардан да көліктерінің құжаттарын жасату үшін көлік иелері көп келеді. Бұл ретте біз тұрғындардың өтініштерін ескеріп, тағы бір мамандандырылған ХҚО ашып отырмыз»,– деді филиал директоры Бахыт Басымбек.

Жаңа мамандандырылған ХҚО-да 52 қызметкер жұмыс істейді, ал дайын құжаттарды қабылдау және беру бойынша 20 жұмыс орны құрылған.

Мамандандырылған ХҚО жаңа жиһазбен жабдықталған, 150 автокөлікке арналған тұрақ та бар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін пандустар мен шақырту түймелері қарастырылған.

Шаһардағы екінші мамандандырылған ХҚО ғимаратында көлік құралын тіркеуге және қайта тіркеуден өткізуге, жүргізуші куәлігін ауыстыруға болады. Әзірге A, A1, B, B1, C, C1, D, D1 жүргізуші категориялары бойынша практикалық емтихан тапсыру және медициналық тексерістен өту жұмыстары Достық мөлтек ауданындағы мамандандырылған ХҚО-да ғана жүзеге асырылады.

Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкенттегі алғашқы мамандандырылған ХҚО арқылы азаматтарға 45 мың жүргізуші куәлігі берілді және автокөлікті қайта тіркеу бойынша 200 мыңнан астам қызмет көрсетілді.

 

Загрузка...