Шымкентте туристік полиция жұмысы басталды

3 Маусым 2020, 21:08
1342
Бөлісу:
Шымкентте туристік полиция жұмысы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте арнайы бөлімше - туристік полиция жұмыс істей бастады. Бүгінгі күні жаңа бөлімшенің жеке құрамында 25 адам бар.

Туристік полиция қызметкерлері түнгі сағат 9:00-ден 1:00-ге дейін Арбат, Орталық саябақ, Наурыз алаңы, Қошқар ата өзенінің жағалауы сияқты қаламыздағы төрт ірі нысандарда қызмет атқарады.

Бөлімшедегі полиция қызметкерлерінің міндеті қала туристері мен қонақтарына құқықтық көмек көрсетуге бағытталған. Егер турист өз құжаттарын жоғалтса немесе қандай да бір оқиға орын алса, полиция қызметкерлері қонақтарға көмек көрсетеді - делнген әкімдік таратқан ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы