Шымкент тұрғындарына 1 ай ішінде жылу ақысы қайтарылады

18 Ақпан 2021, 02:51
1390
Бөлісу:
Шымкент тұрғындарына 1 ай ішінде жылу ақысы қайтарылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала тұрғындары түбіртекке жазылған артық ақша үшін шағымданған еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жұрттың арызы негізінде тексеру жүргізген қалалық табиғи монополияларды реттеу департаменті қала әкімдігіне қарасты «Қуат жылу орталық - 3» мекемесінде заң бұзушылықты анықтаған. Жалпыүйлік есептегіш құралдары орнатылған абоненттер өткен жылдың соңғы үш айында жылуға артық ақы төлеген. Енді 110 көпқабатты үйдің тұрғындарына «Қуат жылу» артық ақша алғаны үшін берешек болып отыр.

Негізгі заңбұзушылық болып тұрғаны мұнда, акт толтырмай тұтынушыларға есептеу құралына қарамай артық ақшаны түбіртекке шығарған. Біз оны есептедік. Сол 3 айдың ішінде 3 млн 340 мың теңге артық алып қойған. Ол бойынша 10% айыппұлға салдық, 340 мыңға. Табиғи монополоия субъектісі толық мойындап отыр. Сол ақшаны 1 ай ішінде қайтарамыз деп бізге сөз берді, – деді қалалық табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Дархан Қайыңбердиев.
Өзгелердің жаңалығы