Шымкент тұрғынынан тәркіленген 63 келі күміс мемлекет кірісіне алынды

20 Қыркүйек 2019, 18:40
2165
Бөлісу:
Шымкент тұрғынынан тәркіленген 63 келі күміс мемлекет кірісіне алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласындағы Экономикалық тергеулер басқармасы қала бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен бірлесіп жалпы сомасы 25 миллион теңге болатын 63 келі 825 грамм күміс әшекей бұйымдарды мемлекет кірісіне алды, деп хабарлады otyrar.kz.

"Жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде Шымкент қаласының тұрғыны А. С.-дан контрабандалық күміс тәркіленді. Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен, азамат экономикалық контрабанда үшін кінәлі деп танылды (ҚР ҚК 234-бабы). Сот шешімімен А. С күмісті тәркілей отырып, шартты түрде ол 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді", - делінген таратылған ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы