Шымкентте дәрі-дәрмекті заңсыз сату тыйылмай тұр

7 Шілде 2020, 14:10
1453
Бөлісу:
Шымкентте дәрі-дәрмекті заңсыз сату тыйылмай тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының Полиция департаменті дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сатқан дәріхана қызметкерлері мен азаматтарды анықтау мақсатында жедел-профилактикалық іс-шара жүргізді. Нәтижесінде 6 шілдеде оншақты заңсыз сату анықталды.

Әлімқұлов көшесінде 3 қойманы тексергенде иесі дәрі-дәрмектерді сатуға арналған арнайы лицензиясын көрсеткен. Алайда мамандар бұл лицензия басқа ғимаратқа арналғаны, ал қоймаларда дәрі-дәрмектер заңсыз сақталғанын анықтады. Фармацевттер қоймада анықталған дәрі-дәрмекті 3 топқа бөліп, әрбір дәрі-дәрмектің қайда қолданылатыны туралы түсінік берді.

Бірінші топ – ҚР аумағында тіркелмеген және сатуға рұқсат берілмеген дәрі-дәрмектер. Олар "Конвулекс", "Энцефобол", "Алоэ экстракт инъекция үшін" және тағы басқалар.

Екінші топ - респираторлық вирустық ауруларды емдеуге арналған жоғары сұранысқа ие болған дәрі-дәрмектер. Олар "ЦЕФ 3", "Цефтриаксон", "Ингавирин", "Гордокс", "Дексаметазон" және тағы басқалар.

Үшінші топ – ҚР-да медицинасында тіркеуде тұрған азаматтарға тегін берілетін дәрі-дәрмектер. Олар "Депакин", "Методжект" және тағы басқалар.

Сондай-ақ, қоймадағы дәрі-дәрмектердің сақталу талаптары өрескел бұзылғаны, дәрі-дәрмектер емдеу қасиеттерін жоғалтып, адам өміріне қауіпті екені  анықталды. Және қойманың бет жағында дәріхананы белгілейтін жарнамасы жоқ.

Барлық 229 дәрі-дәрмектің түрі айғақ зат ретінде тәркіленді. Оның ішінде, "ЦЕФ 3" - 130 қорап, "Ингавирин" - 80 қорап, "Дексаметазон" - 4 ампула,  "Алоэ экстракт инъекция үшін" - 120 қорап, "Методжект" - 480 қорап, "Глюкоза" таблетка - 3120 тақтайша, "Глюкоза" бутыль – 27, Стекловидное тело – 2160, "Парацетамол" – 18 қорап, "Ферсинол" – 2160, "Аскрупин" - 2160 қорап. 

Айта кету керек, арнайы құрылған мониторингтік топпен екі күн ішінде дәрі-дәрмектерді заңсыз сатудың 50-ден астам жағдайы  тіркелген. Барлық анықталған деректер бойынша заң бұзған азаматтар жауапқа тартылатын болады.

Өзгелердің жаңалығы