Шымкент пен Түркістанның қорғаныс істері департаменттерінің басшылары тағайындалды

4 Маусым 2019, 13:26
5108
Бөлісу:
Шымкент пен Түркістанның қорғаныс істері департаменттерінің басшылары тағайындалды
Фото: автордан

Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Жаңадан құрылған Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің және Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастықтары тағайындалды.

Шымкент қаласы

Шымкент пен Түркістанның қорғаныс істері департаменттерінің басшылары тағайындалды

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы болып полковник Тілеуханов Алмаз Тілеуханұлы тағайындалды.

Тілеуханов Алмаз Тілеуханұлы 1976 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында туылған. Алматы қаласының Жоғарғы жалпы әскери командалық училищесін және ҚР ҚМ Ұлттық қорғаныс университетін бітірген. 1997 жылы әскери қызметін Аягөз гарнизонында бастаған. Әскери қызмет барысында А.Тілеуханов әскери бөлімдер мен әскери полиция, Шығыс Қазақстан облысы және Қарағанды облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінде түрлі деңгейдегі басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. Тағайындауға дейінгі соңғы лауазымы Солтүстік Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы болған. I,II,III-дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» және мерейтойлық бірқатар медальдармен марапатталған. Отбасылы. 3 ұл тәрбиелеуде.

Түркістан облысы

Шымкент пен Түркістанның қорғаныс істері департаменттерінің басшылары тағайындалды

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы болып подполковник Дюсебаев Нұрмаханбет Бексейітұлы тағайындалды.

Дюсебаев Нұрмаханбет Бексейітұлы 1977 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында туылған. Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін, «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1999 жылы әскер қатарына шақырылып, отан алдындағы борышын 6506 әскери бөлімінде өтеген. 2002 жылы әскери қызметін облыстық әскери комиссариатта заң кеңесшісі болып бастаған. Әскери қызмет барысында Н.Дюсебаев Оңтүстік Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде заң қызметінің, түрлі басқармалардың бастығы қызметтерін атқарған. Бұған дейін ол ОҚО қорғаныс істері жөніндегі департемент бастығының орынбасары – жасақтау басқармасының бастығы лауазымында болған. ҚР Қарулы Күштеріндегі еңбек өтілі 18 жылға жуық. II-дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» және мерейтойлық бірқатар медальдармен марапатталған. Отбасылы. 3 перзент тәрбиелеуде.

Өзгелердің жаңалығы