Бас жаңалықтар
Шымкент мектептерінде ақылды турникеттер орнатылады
14 Мамыр 2021, 14:39 181

Шымкент мектептерінде ақылды турникеттер орнатылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласындағы білім беру ұйымдары бейнебақылау камераларымен 100% қамтамасыз етілген. 

Одан бөлек қауіпсіздік  талаптары ескеріліп, ішкі істер органдарының жедел басқару бөлімшелерімен интеграцияланған бейнебақылау камераларын қосымша орнату жұмыстары жүргізілуде.  

Көпфункционалды, жоғары мегапиксельді жүйе ауқымды сервермен қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар жаңа оқу жылында мектеп фойелерін бақылау үшін оқушылардың, ата-аналардың өзге де  келушілердің бет-әлпетін арнайы есепке алатын турникеттер орналастырылады. Өз кезегінде ата-ана баласының мектеп аумағынан келуі мен кетуін смс хабарлама арқылы бақылай алады. Автоматты скандау кемінде 5 мың адамның түрі мен саусақ ізін айқындайды. Мәліметтер базада 2 жыл бойы сақталады, - деп хабарлады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бүгінгі таңда барлық мектепте жұмыс уақытында вахтерлар, ал түнгі мезгілге күзетші жұмыс істеуде. Одан бөлек, жергілікті білім беру ұйымдарына полиция департаменті тарапынан мектеп инспекторлары бекітілген.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...