Шымкент қаласы мен Атырау облысы «қызыл» аймаққа өтті

17 Мамыр 2021, 10:06
1540
Бөлісу:
Шымкент қаласы мен Атырау облысы «қызыл» аймаққа өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

17 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес:

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.

«Сары» аймақта: Ақтөбе, Алматы, Павлодар облыстары.

«Жасыл» аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Өзгелердің жаңалығы