Шымкентте індет жұқтырған соңғы 3 адам туралы мәлімет

8 Сәуір 2020, 22:09
1475
Бөлісу:
Шымкентте індет жұқтырған соңғы 3 адам туралы мәлімет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған соңғы 3 жағдай туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы мәлімдеді.

Ауру жұқтырғандардың үшеуі Шымкент қаласында тіркелді.  Барлығы да  коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19  диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда - делінген хабарламада.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

08.04.2020 жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 23 адам анықталды.

Өзгелердің жаңалығы