Шымкент халқының 98%-ға жуығы коронавирусқа қарсы вакцина алған

1 Қазан 2021, 12:13
9558
Бөлісу:
Шымкент халқының 98%-ға жуығы коронавирусқа қарсы вакцина алған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан хабарлады. 

Оның айтуынша, қалада 45 екпе нысаны жұмыс істеп тұр.

Коронавирусқа қарсы инвекциясының І компонентімен 524 105 адам, ІІ компонентімен 423 455 адам салдырды. Бүгінгі күні вакцина алуы тиіс халықтың 97,7%-ы І компонентпен, 79%-ы ІІ компонентпен вакцинацияланды. Бастапқы медициналық көмек бойынша 36 емханада 211 мобильді бригада жасақталған. Олар үй жағдайында емделіп жатқан 805 науқас және коронавирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған 3 446 адамға медициналық қызмет көрсетуде, - деді мегаполис басшысының бірінші орынбасары.

Сондай-ақ ол тұрақтандыру қоры арқылы қаржы қаралғанын атап өтті. Айтуынша, қаланың медициналық ұйымдарында COVID-19 індетіне қарсы екі айлық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қоры бар көрінеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін жыл басынан бері 35 мыңға жуық шымкенттік коронавирус жұқтырғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы