Шымкент: Бір бала қайтыс болды, тағы екеуі жансақтау бөлімінде жатыр

14 Ақпан 2020, 07:05
13888
Бөлісу:
Шымкент:  Бір бала қайтыс болды, тағы екеуі жансақтау бөлімінде жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте белгісіз заттан уланған үш бала (2019, 2017 және 2014 ж.т.) және екі жасөспірім (2000 және 2002 ж.т.) ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Otyrar.kz.

 Клиникалық өлім жағдайында жеткізілген ең кішкентай бала қайтыс болды. Тағы екі бала интенсивті терапия бөліміне улану дәрежесі анықталмаған жатқызылған.

 Науқастардың ересектеріне алғашқы медициналық көмек көрсетілді, олар үйіне қайтты. Бұл науқастар туралы мәліметтер тұрғылықты жері бойынша емханаға жіберілді, - деді гипербарикалық оксигенация орталығының бас дәрігері Мадина Ермағанбетова.

Жайсыз оқиға отбасы "Солтүстік" ықшамауданындағы туыстарына қонаққа келгенде болған. Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері газ анализаторын пайдаланып, оқиға болған пәтерді тексерді. тексеру нәтижесінде көмірқышқыл газы анықталмаған. Талдау үшін тамақ сынамалары алынды.

Улану себебі төменгі қабатта орналасқан пәтерлерге залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуінен болуы мүмкін. Бірақ әзірге нақты қорытынды шығаруға әлі ерте, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы