Шымкент базарларынан теріс діни ағымның әдебиеттері табылды

25 Қаңтар 2019, 09:55
2906
Бөлісу:
Шымкент базарларынан теріс діни ағымның әдебиеттері табылды

Астана, BAQ.KZ. Шымкент қалалық Полиция департаменті мен ҰҚК бірлесіп «Shymkent Tulpar» және «Нипа» базарларында арнайы операция жүргізді, деп жазады otyrar.kz.

Сот санкциясымен сауда нүктелерінде тінту жүргізу нәтижесінде діни әдебиеттің оның ішінде салафит мазмұны бар кітаптар тәркіленген.

«Тергеу болжамы бойынша салафизм ағымын жақтаушылар жоғарыда аталған базарларға келушілері мен осы базарлардағы сатушылары арасында деструктивтік әдебиетті таратумен айналысқан. Тергеу іс-шаралары қоғамдық орындарда деструктивтік бағыттағы діни мазмұнды материалдарды тарату жәйттары бойынша қозғалған қылмыстық істер аясында жүргізілуде», делінген Шымкент қалалық Полиция департаменті таратқан мәліметте.

Өзгелердің жаңалығы