Шымкент қаласында ауа сапасы нашарлайды

23 Маусым 2020, 08:55
1075
Бөлісу:
Шымкент қаласында ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23 маусымда еліміздің тек бір ғана қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай орын алуы мүмкін, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін ауа сапасының нашарлауы Шымкент қаласында күтіледі. Ал Қазақстанның қалған қалаларында метеожағдай қалыпты болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Өзгелердің жаңалығы