Бас жаңалықтар
Шымкент: 2021 жылы АСАР-2 шағын ауданы толығымен ауызсумен қамтылады
07 Тамыз 2020, 18:02 137

Шымкент: 2021 жылы АСАР-2 шағын ауданы толығымен ауызсумен қамтылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтеновтің азаматтарды онлайн қабылдау барысында айтылды. Қабылдауға жазылған қала тұрғыны Гуля Минтаева Асар-2 шағын ауданына ауыз су жүйесін тарту мәселесін қозғады.

Біздің шағын ауданның тұрғындар 7 жылдан бері ауызсуды тасып ішеді. Аптасына бір рет келетін су тұрып қалады. Бұл денсаулыққа зиян келтіруде. Ең бірінші осы мәселені шешіп беруіңізді сұраймыз, - деген Гуля Спатайқызы аумақ тұрғындарының атынан келгенін жеткізді.

Бұл мәселе бойынша Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жолшыбек Шайхсламов  Асар-2 тұрғындарын сапалы ауызсу жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында осы жылдың маусым айында құрылыс жұмыстары басталғанын баяндады. 
Оның айтуынша, жоба құны 1,5 млрд теңгені құрайды. Биылға 350  млн теңге бөлінген. Бекітілген қаржыға жылдың соңына дейін 1 мектеп және 300 тұрғын үй ауызсу жүйесіне қосылады екен. 
Асар-2 елді мекенін ауыз сумен толық қамтасыз етуге 1,5 млрд теңге қаржы керек. Бүгінгі таңда бюджет жылдың басында бөлінетін болғандықтан, ауданды толығымен ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары уақытша  тоқтап тұр.  Алайда, ақшаны үнемдеп, тиісті жұмыстарды жүргізуге бағыттаудың тиімді тұстарын қарастырамын. Бұл мәселе келесі жылы толық шешімін табады, - деді Мұрат Әйтенов.
 
Сондай-ақ, сала басшысына ауызсу жүйесін тартудың жоспарын қайта қарап шығу жөнінде нақты тапсырма берді. 

Кезекті өткен онлайн қабылдауда бұдан өзге, Таскен, Тұран шағын аудандарындағы күрмеуі шешілмеген мәселелер көтерілді. Оған қала басшысы барлық мәселе кезең-кезеңімен шешілетінін, жеке бақылауында екенін айтты. Сонымен қатар, келіп түскен өтініштер бойынша аудан әкімдері мен басқарма басшыларына тиісті жұмыстарды атқару үшін тапсырмалар жүктеді.


Фото: дереккөз
Загрузка...