Шымкент-Дубай рейсі ашылды

2 Қаңтар 2019, 14:20
3257
Бөлісу:
Шымкент-Дубай рейсі ашылды

Астана, baq.kz. Шымкент-Дубай бағытындағы жаңа халықаралық әуе рейсі ашылды.

Қалалық әкімдік таратқан хабарламаға қарағанда, Біріккен Араб Әмірліктеріне жолаушыларды «Fly Dubai» компаниясының ұшақтары тасымалдайтын болады.
Ұшақ аптасына 2 рет ұшатын болады. Рейстің ұзақтығы - 3 сағат.  
Айта кетейік, бұған дейін Шымкент және Дубай қалаларының арасында тікелей ұшақ қатынасы ашылатынын хабарланған болатын. Тікелей ұшақ рейсі аймақтық және қалалық әуе қатынастарының дамуында маңызды рөл атқарады деп жоспарланып отыр.
Өзгелердің жаңалығы