Шығыста Тәуелсіздік тойы басталды

6 Ақпан 2021, 22:58
1562
Бөлісу:
Шығыста Тәуелсіздік тойы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы басталды. Салтанатты шараны облыс әкімі Даниал Ахметов ашты.

Айта кетейік, бұл шара қалалық санитарлық-эпидемиялогиялық қадағалау басқармасының рұқсатымен барлық сақтық талаптарын орындай отырып, өткізілді. Шараға қатысушылардың барлығы толық ПТР-тестілеуінен өткен. 511 орынға шақталған театр залына тек 58 адам шақырылды. Әлеуметтік қашықтық қатаң сақталды. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар көрермендерге бір реттік қолданылатын маскалар мен медициналық қолғаптар таратып, дене қызуларын өлшеп кіргізді.

Алтайньюс сайтының мәліметіне сәйкес, қала тұрғындары үшін тұғырлы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын атап өту Шығыс Қазақстан драма театрында өткен салтанатты кештен басталды.

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен биылғы жыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығы деп жарияланды. Тәуелсіздік күні - егеменді мемлекет құруға ұмтылған ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы арманыны ақиқатқа арналған қасиетті күн, - деді аймақ басшысы.

Оның айтуынша, 30 жыл ішінде еліміз жаңа саяси және экономикалық түрде дамып, әлемнің дамыған 50 елінің қатарына енді.

Қазақстан Республикасының қарқынды түрде дамуы, мемлекетіміздің қалыптасуы еліміздің Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты, - деді облыс әкімі.

Шығыс Қазақстан - көпұлтты өлке. Мұнда 100-ден астам этнос өкілдері бейбіт өмір сүріп жатқаны белгілі.

Біздің міндетіміз - осы жылдар аралығында жеткен жетістіктерді одан әрі арттыру, елдің тұрақты дамуы мен болашақ ұрпақтың лайықты болашағын қамтамасыз ету, - деп сөзін аяқтады Даниал Ахметов.
Өзгелердің жаңалығы