Бас жаңалықтар
Шығысқазақстандық шаруалар көктемгі егіс науқанына әзір
09 Сәуiр 2020, 17:22 141

Шығысқазақстандық шаруалар көктемгі егіс науқанына әзір

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Шығыс Қазақстан облысында көктемгі егіс науқаны 1,1 миллионға жуық гектар аумақта жүргізілмек.

Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ербол Қуанышев мәлімдеді. Оның айтуынша, қажетті 104 мың тонна тұқымдық дақылдар алдын ала дайындалып қойған. Қазіргі уақытта олар жарамдылық бойынша тексерістен өткізілуде.

Бүгінгі таңда тұқымдық дақылдардың 90%-ы тексеруден өткізіліп, олардың 100% жарамды екендігі анықталған. Техникалардың да дайындығы 100%. Қазіргі уақытта көктемгі егіс науқанына кедергі келтіретін ешқандай мәселе жоқ. Тек елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты тұқымдық дақылдар мен техникалардың қосалқы бөлшектерін жеткізуде бірқатар мәселе туындауы мүмкін. Дегенмен, біз қазіргі уақытта аталған сұрақтарды жедел шешудеміз, - деді Ербол Қуанышев.

Жауапты тұлғаның хабарлауынша, көктемгі егіс науқанын жүргізуге мемлекет тарапынан 30 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінген екен.

Наурыз айына жоспарланған 8 мың тонна көлеміндегі дизель отынының әр тоннасы 184 мың теңгеден болса, сәуір айында оның бағасы төмендеп, тоннасының бағасы 174 мың теңгені құрады. Осылайша, әр литрінің бағасы 174 теңгенің маңайында саудаланатын болады, - деп қосты басқарма басшысының орынбасары.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...