Шығысқазақстандық полицейлер өз қызметтерін ерекше режимде жалғастырып жатыр

10 Қаңтар 2022, 09:50
1238
Бөлісу:
Шығысқазақстандық полицейлер өз қызметтерін ерекше режимде жалғастырып жатыр

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Облыс аумағында коменданттық сағат режимін бұзған жеті адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыстағы жағдай тұрақты, ол құқық қорғау органдарының бақылауында тұр. Полиция қызметкерлері өз қызметтерін ерекше режимде жүргізулерін жалғастыруда. Төтенше жағдай режиміне және антитеррорлық операциялардың жүргізілуіне байланысты енгізілген шектеулер сақталуда. Қазіргі уақытта полицейлер мен Ұлттық ұланның 69 әскерилері зардап шеккені белгілі болды. 11 қызметтік автокөлік қирап, он автокөлікке зақым келтірілген. Сондай-ақ, мыңнан астам ұсталып, 66 адам қамаққа алынды, - деді ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Татьяна Карпова. 

Бұдан бөлек, коменданттық сағат режимін бұзғаны үшін жеті адамға қатысты әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылды.

Өзгелердің жаңалығы