Шығыс Қазақстанда бұршақ жауып, найзағай ойнайды

23 Шілде 2019, 15:11
1697
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда бұршақ жауып, найзағай ойнайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктері 3 облыста дабылды ескерту жасады.   

Мамандардың болжамынша, 24 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында кей жерде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерде найзағай, дауыл. Күндіз кей жерде бұршақ. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерде 15-20 м/с жетеді. 

Ал Өскемен және Семей қалаларында 24 шілдеде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді. 

«Күндіз 24-25 шілдеде Маңғыстау облысының кей жерінде 43 градус өте қатты ыстық ауа райы сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 95-100%», - делінген синоптиктердің хабарламасында. 

Сонымен қатар, таңертең және күндіз 24 шілдеде Қостанай облысының кей жеріңде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші күндіз кей жерінде 18 м/с жетеді. 

Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%. 



Өзгелердің жаңалығы