Шығыс Қазақстанда әлеуметтік сала жіті назарға алынған

13 Сәуір 2019, 14:38
2106
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда әлеуметтік сала жіті назарға алынған

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өткен жылы Шығыс Қазақстанда 57 мыңнан астам тұрғын жұмыспен қамтылып, бірнеше мың адам бірнеше мемлекеттік көмек түрлерін алған.

«2018 жылы өңіріміздің 5942 тұрғыны түрлі әлеуметтік көмек алса, 722 адам мемлекет есебінен курорттық-шипажайлық ем қабылдады. Бұдан бөлек 922 адам жастар практикасы бойынша жұмысқа жіберілсе, 1502 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды», - деді мәслихат депутаттарының алдында облыстық бюджеттің 2018 жылғы орындалу барысын баяндаған Шығыс Қазақстан облысы Қаржы басқармасының басшысы Қайрат Ерембесов.

Сондай-ақ 1700-ден астам адамға әлеуметтік қолдау көрсетіліп, жұмыс күші басым өңірлерден Шығыс Қазақстан облысына қоныс аударған 268 адамға бизнес идеяларын іске асыру мақсатында бюджеттік несие берілді.

«Өткен жылы 62 868 адам жұмысқа орналасу бойынша өтініш беріп жұмыспен қамту орталықтарына тіркелген. Жыл көлемінде олардың 57 мыңнан астамы, яғни жұмысқа орналасу бойынша өтініш бергендердің 91%-ы тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді», - деп қосты басқарма басшысы Қайрат Ерембесов.

Жауапты тұлғаның хабарлауынша, соңғы жылдары халық денсаулығы және денешынықтыру саласына да жіті назар аударыла бастаған. Атап айтсақ, өткен жылы өңірде 622 мәдени іс-шара өткізілген. 6 мәдени ошаққа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 13 кітапханаға кең жолақты интернет желісі тартылды. Бұқаралық спорт және денешынықтырумен айналысатын тұрғындар саны 425 мың адамға жеткен. Бұл өңір тұрғындарының 30,8 пайызын құрады.

Бұған дейін ШҚО білім беру мекемелеріне 100 мың оқулық сатып алынғаны туралы жазғанбыз.

Өзгелердің жаңалығы