Бас жаңалықтар
Шығыс өңірі тағы бір генералмен толықты
06 Мамыр 2021, 18:34 1242

Шығыс өңірі тағы бір генералмен толықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ​Мемлекет басшысы ​Қасым-Жомарт Тоқаев әскерилер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне ордендер мен медальдар табыстады.

Бұл туралы «Шығыс» өңірлік қолбасшылғының​ баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Аманегелді хабарлады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылдың 6 мамырындағы ​ № 569 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы​ полковник Ақбалин Рүстем Нұрсұлтанұлына генерал-майор жоғары әскери атағы берілді.

Сіздердің отаншылдық рухтарыңыз, ең алдымен, жас ұрпақ үшін жақсы үлгі-өнеге. Олар сіздерге қарап бой түзейді. Сіздер ерен еңбек пен нағыз ерлікті паш етіп келесіздер. Жоғары мемлекеттік марапаттар Отан алдындағы қызметтеріңізге жаңа жігер береді деп сенемін, – деді Президент.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...