Шығыс Қазақстанның ХҚКО-лары тұрғындарды Ashyq арқылы қабылдайды

14 Маусым 2021, 12:23
2718
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанның ХҚКО-лары тұрғындарды Ashyq арқылы қабылдайды

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республиканың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 11 маусымдағы №27 қаулысына сәйкес, 14 маусымнан бастап ХҚО-лар Ashyq сервисі арқылы клиенттерді қабылдауға көшеді. Теріс немесе бейтарап мәртебесі бар шығысқазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді кезексіз алуына болады.
 

Ashyq қосымшасы бойынша барлық қалада ХҚО-ға кіруге қолжетімді болады. Қалалардың әрбір фронт-офисіне сканерлеу үшін арнайы дербес QR-код берілді. QR кодтары ғимаратқа кіре берісте ілінеді. Бұл ретте кезекке алдын ала брондау мүмкіндігі бұрынғыша қалады. Оның артықшылығы – сіз белгіленген уақытта оператордың қабылдауына бірден өте аласыз, - деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» ШҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі 

Егер қызметті алушыда Ashyq қосымшасы болмаса, жақында ғана Ashyq функционалы енгізілген eGov mobile, Kaspi.kz және Halyk Homebank қосымшаларын пайдалана алады. Осы қосымшалар болмаса да, мәртебені ХҚО қызметкерлері ЖСН бойынша анықтайтын болады.


 

 

Өзгелердің жаңалығы