Шығыс Қазақстан жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды

21 Қазан 2019, 14:08
3705
Бөлісу:
Шығыс Қазақстан жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да ауа райы жағдайының күрт бұзылуына байланысты республикалық және облыстық маңызы бар бірнеше тас жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды. Сонымен қатар, бір автожолдың екі учаскесі жабылды, деп хабарлайды Алтайньюс.

"Қазақавтожол" мәліметінше, қар аралас жаңбырдың салдарынан, республикалық маңызы бар Өскемен-Риддер-Ресей Федерациясының шекарасы автожолының 15-105 шақырымында, Белоусовака ауылынан Риддер қаласына дейінгі аралықтағы учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Сондай-ақ, Өскемен-Алтай,Катонқарағай-Рахман қайнарлары тас жолының Ушанов ауылынан Серебрянск қаласына дейінгі аралықтағы учаскесінде (6-66 шақырымында) жүк көлігі мен жолаушылар автокөліктерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына Өскемен-Тарғын-Самар облыстық маңызы бар автожолының 62-145 шақырымында, яғни Тарғын ауылынан Самар ауылына дейінгі аралықтаеғы учаскесінде шектеу қойылып отыр.

Бұлардан бөлек, көктайғақ пен қатты желге байланысты Алматы-Өскемен тас жолының екі учаскесінде көлік қозғалысы жабылды. 20 қазанғы сағат 19.50-ден бастап тас жолдың 778-967 шақырымында, Аягөз қаласынан Қалбатау ауылына дейінгі аралығындағы учаскесі, сағат 20.40-тан бастап – 971-1068 шақырымында, Қалбатау ауылынан Қасым Қайсенов кентіне дейінгі аралығындағы учаскесі жабық.


Өзгелердің жаңалығы