Шығыс Қазақстандағы барлық мектеп қашықтан оқытуға көшірілді

20 Қараша 2020, 12:57
1846
Бөлісу:
Шығыс Қазақстандағы барлық мектеп қашықтан оқытуға көшірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов айтты.

Оның айтуынша, өңірде эпидемиологиялық жағдай күрделі. Вирус жұқтырушылардың апталық өсімі 1,7 пайызды құрап отыр.

Өкінішке қарай оқу жылы басталғалы өңірде оқушылар арасында вирус жұқтыру көрсеткіші артты. Олардың жалпы саны 410-ға жетті. Вирус жұқтырған балалардың 119-ы 93 мектепте штаттық режимде оқыған. Осыған байланысты барлық мектепті қашықтан оқыту форматына көшірдік, - деді ол. 

Даниал Ахметовтың мәліметіне сүйенсек, пандемия басталғалы бері облыста мұнда 14402 жағдайы тіркелген. Облыс ауруханаларында бүгін 659 адам ем қабылдауда. Олардың арасында бірде-бір оқушы жоқ.

Оқушыларды толықтай қашықтан оқытуға көшіру үшін 33,7 мың компьютерлік техинка сатып алынды. Қазіргі күні облыстың 4 оқушысына бір компьютерден келеді. Жалпы республикалық көрсеткіш 11 оқушыға 1 компьютер, - деді ол.
 

Өңірде науқастарға арналған төсек орын тапшылығы туындамаған. Арнайы дайындалған 6,2 мың төсек орынның 3,7-сі іске қосылды. Сондай-ақ облыста коронавирусқа шалдыққан ауыр науқастарды емдеу үшін дертінен айыққан адамдардың қан плазмасын құю әдісі пайдаланылады. 

 

Облыс әкімінің айтуынша, қазір облыста осында 3200 доза бар. Бұл елдегі жалпы қордың 60 пайызы.

Өзгелердің жаңалығы