Шығыс Қазақстанда тауда аяғын сындырып алған азаматқа тікұшақ шақырылды

18 Сәуір 2021, 10:46
1259
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда тауда аяғын сындырып алған азаматқа тікұшақ шақырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облыстық ТЖД қызметкерлері 1962 жылы туған ер адамға көмек көрсету үшін құтқару операциясын жүргізді, деп хабарламады ведомстовның баспасөз қызметі.  

2021 жылғы 16 сәуірде ол шаңғымен Малоубинск су қоймасына қарай бет алып және Риддер қаласынан 70 шақырым жерде таулы жерде аяғын сындырып алған. Зардап шегушіге шұғыл көмек көрсету үшін МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды. Онда ШҚО ТЖД құтқарушылары мен Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері Өскеменнен ұшып шығып, жазатайым оқиға болған, жетуі қиын орынға келіп жетті. Ер адамға алғашқы көмек көрсетілді, оның аяғы таңылып және тікұшақпен Риддер қаласының ауруханасына дейін жеткізілді, - делінген хабарламада.       

Шығыс Қазақстанда тауда аяғын сындырып алған азаматқа тікұшақ шақырылды

Осы ретте ШҚО ТЖД тұрғындарға ескерту жасады.

Таулы жерлер дайын емес және жолды білмейтін азаматтар үшін қауіпті. Жорыққа бара жатып, өзіңізбен бірге алғашқы көмек көрсету қобдишасын алып жүріңіз, өз бағытыңыз туралы жақындарыңызға міндетті түрде хабарлаңыз, өзіңізбен бірге қуатталған ұялы телефоныңыз бар болсын, - делінген ТЖД хабарламасында.
Өзгелердің жаңалығы