Шығыс Қазақстанда пневмониядан 200-ге жуық адам қайтыс болған

22 Қыркүйек 2021, 17:36
8089
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда пневмониядан 200-ге жуық адам қайтыс болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтұғұтов хабарлады. 

Оның айтуынша, індет басталғалы облыс бойынша COVID-19-дың 43,5 мыңға жуық жағдайы тіркелген.

Оның 33 мыңнан астамы клиникалық белгілері бар болса, 10 мыңға жуығы асимптоматикалық вирус тасымалдаушылар.

100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанушылық көрсеткіші 3193,5 құрады. Жұқпалы аурулар ауруханаларынан коронавируспен ауырған 20 933 науқас сауығып шықты. Тоғыз мыңнан астам адам амбулаториялық бақылау мен емдеуді аяқтады. Жалпы, өңірде 30 588 науқас сауықты. Ковидті пневмониядан 8 596 пациент емделді. Өкінішке қарай, аймақта COVID-19-дан 429 адам, ковидті пневмониядан 146 адам қайтыс болды, - деді өңір басшысының орынбасары.

Пандемия басталғаннан бері Шығыс Қазақстанда 2 860 бала коронавируспен ауырған.

Оның 1 мыңнан астамы асимптоматикалық, 1,6 мыңға жуығы клиникалық көріністермен тіркелді, - деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодар облысында 300 мыңға жуық адам вакцина алғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы