Шығыс Қазақстанда карантин мерзімі ұзартылды

15 Мамыр 2021, 05:27
1243
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда карантин мерзімі ұзартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында карантиндік шектеулер 16 мамырдан 30 мамырға дейін ұзартылды. ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды.

Қаулы бойынша, өңір бойынша карантин 30 мамырға дейін ұзартылды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

Бүгінде CОVІD-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының толтырылу деңгейі – 14,2%. Облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік R саны – 1,002.

«Қызыл аймақта» тұрған Өскемен, Семей қалаларында және Аягөз ауданында вирус жұқтырғандар саны одан сайын артып кетпес үшін шектеу шараларының сақталуын қатаң қадағалау қажет, – делінген құжатта.
Өзгелердің жаңалығы