Бас жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда бораннан кейін бірнеше жол ашылды
09 Наурыз 2021, 14:57 301

Шығыс Қазақстанда бораннан кейін бірнеше жол ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында бірнеше трасса ашылды, деп хабарлады Алтайньюс.

«Өскемен – Семей» автожолының 10-198 шақырымында көлік қозғалысы жанданды. Бұл – Герасимовка ауылынан Семей қаласына дейін апаратын жол.

Сағат 08:00-ден бастап «Өскемен – Алтай – Рахман қайнары» трассасының 7-66 шақырымы, Ушанов ауылынан Серебрянск қаласына дейінгі аралық, ашылды.

Сондай-ақ сағат 08:30-дан бастап Белоусовка ауылы мен Риддер қаласының аралығындағы жол ашылды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...