Шығыс Қазақстанда бір аптада 55 рет орман өртенді

17 Маусым 2021, 16:57
2308
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда бір аптада 55 рет орман өртенді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында өткен аптада 55 рет орман өртенді, деп хабарлады Алтайньюс.

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мәліметінше, бұл рекордтық көрсеткіш. Өрт шалған жалпы аумақ – 10,09 гектар. Өрттің жиілеуіне күннің қатты ысуы себеп болған көрінеді. Сондықтан мамандардың айтуынша, қауіп әлі сейілген жоқ.

Мәселен 25-28 мамыр аралығында «Зайсан орман шаруашылығы» КММ Қаратал орманшылығы аумағында екі ірі орман өртенді. Мемлекеттік орман қорының 136 гектарын жалын шарпыды. Аймақ тұрғындарына орман-тоғайға бармауға кеңес береміз, – дейді ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының өкілдері.


Өзгелердің жаңалығы