Шығыс Қазақстанда аязға қарамастан жолға шығып кеткен 15 жүргізуші құтқарылды

4 Қаңтар 2021, 14:50
1474
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда аязға қарамастан жолға шығып кеткен 15 жүргізуші құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстанда көлігі қатып қалған 15 жүргізуші құтқарылды.

Шығыс Қазақстанда аязға қарамастан жолға шығып кеткен 15 жүргізуші құтқарылды

Жүргізушілер Павлодар облысына қарай жол тартып бара жатқан. Shacman маркалы жеті көліктің дизель отыны суықтан қатып қалған. Қатты аяз салдарынан 15 адам қозғала алмаған.

Олар сағат 02:10 шамасында Курчатов қаласының құтқарушыларына хабарласты. Құтқарушылар келіп, 15 азаматты жылыну пунктіне жеткізді. Жергілікті атқарушы органдар азық-түлік әкелді, - делінген ШҚО ТЖД хабарламасында.

Шығыс Қазақстанда аязға қарамастан жолға шығып кеткен 15 жүргізуші құтқарылды

Айта кетейік, ШҚО-да бірнеше күннен бері -42, -45 градусқа дейін аяз болып тұр. Осыған орай ТЖД мамандары аймақ тұрғындарынан алыс жолға шықпауды сұрады.


Өзгелердің жаңалығы