Шығыс Қазақстанда 10 жыл іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

21 Сәуір 2021, 11:00
1582
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда 10 жыл іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының полицейлері 10 жылдан астам уақыт бойы іздестіруде жүрген қылмыскерді ұстады, деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Күдікті 2011 жылдан бері іздеуде болған.

2011 жылдың қарсаңында күдікті үш серіктесімен бірге облыс орталығындағы сауда үйлерінің біріне қарақшылық шабуыл жасаған. Қаскөйлер дүкеннен 3,5 млн теңгесі бар сейфті ұрлап кеткен. Аталған қылмысқа қатысқан қаскөйлердің барлығы ұсталып, сотталған, алайда күдіктілердің бірі осы уақыт ішінде бостандықта жүрген. 

10 жыл өткеніне қарамастан, биыл ШҚО криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні іздестіру жұмысын күйшейтіп, нәтижесінде ол анықталып, ұсталды.

Күдікті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында әріптестердің көмегімен сәуір айының басында Алматы қаласында ұсталды, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Қазіргі уақытта 44 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Алдағы уақытта оны Өскемен қаласына апарады.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында жедел уәкілдер 46 қылмыскерді анықтап, ұстағанын айта кеткен жөн.

Өзгелердің жаңалығы