Бас жаңалықтар
Шығыс Қазақстан облысының ХҚКО-лары бес күндік жұмыс кестесіне көшеді
06 Қыркүйек 2021, 17:25 345

Шығыс Қазақстан облысының ХҚКО-лары бес күндік жұмыс кестесіне көшеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 26 тамыздағы №37 қаулысына сәйкес, 6 қыркүйектен бастап облыс ХҚКО-лары  бес күндік жұмыс кестесіне көшеді. Теріс немесе бейтарап мәртебесі бар шығысқазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді кезексіз алуына болады.

Мемлекеттік қызмет көрсету бөлімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша бірыңғай провайдер ретіндегі мәртебесін ескере отырып, дәлірек айтқанда құжаттарды қабылдау және дайын нәтижені беру және мемлекеттік органдардың жұмыс кестесіне тікелей тәуелділік тұрғысынан, сондай – ақ ХҚО ғимараттарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында ШҚО бойынша ХҚО жұмысының бірыңғай кестесін жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі, жексенбі - демалыс күндері енгізу туралы шешім қабылданды.

Бұл ретте қызметті алушылардың ыңғайлылығы үшін Өскемен және Семей қалаларында жұмыс күндері 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс кестесімен бір кезекші бөлімнің жұмысы қамтамасыз етіледі.

Азаматтардан Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барған кезде санитарлық-профилактикалық нормаларды сақтауды, бетперде киюді және әлеуметтік қашықтықты сақтау сұралады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...