Шығыс Қазақстан облысында туристік кешен салынады

27 Қазан 2021, 16:32
37679
Бөлісу:
Шығыс Қазақстан облысында туристік кешен салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімдеді.

Ол араб инвесторларымен жасалған келісім энергетикадан басқа қандай салаларды қамтитынын атап өтті.

Электр энергетикасынан басқа ауыл шаруашылығы, фрамацевтика, туризм, көлік және логистика салалары бар. Агроөнеркәсіп кешеніне 50 млн доллардан астам инвестиция тартылады. Жыл сайын 8 мың тоннадан астам қой еті шығарылатын болады. Бұл келешекте елімізде ауыл шаруашылығы саласындағы экспортты арттыруға мүмкіндік береді, - деді ол.

Сондай-ақ министр Шығыс Қазақстан облысында Қатонқарай туристік кешені салынатынын айтты.

Жобаға 120 млн доллар инвестиция тартылады. Фармацевтика бағытында араб компанияларымен ынтымақтастық елімізді қолжетімді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Көлік және логистика бойынша Қазақстанның көтерме тарату орталықтары желісін дамытуға мүмкіндік береді. Осы инвестициялық жобалар азаматтарымызды жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді, - деді Ұлттық экономика министрі.
Өзгелердің жаңалығы