«Шыңғысхан» хореографиялық спектаклі туралы: Екі жыл бұрын басталған жұмыстың жемісі

26 Маусым 2019, 20:21
3314
Бөлісу:
«Шыңғысхан» хореографиялық спектаклі туралы: Екі жыл бұрын басталған жұмыстың жемісі
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елорданың төрінде «Наз» мемлекеттік би театры «Шыңғысхан» хореографиялық спектаклінің тұсауын кесті. Бір сағат жиырма минутқа созылған қойылымның қойылу барысымен «Наз» мемлекеттік би театрының режиссер – хореографы Қадиша Ағымбаева бөлісті.

басты сурет.jpg

«Шыңғысхан» хореографиялық спектаклі – бұл Азиядағы біртұтас мемлекет құрушы, өз заманының аса ірі әскери және мемлекет қайраткері Шыңғысханның өмірі мен ерен еңбегіне арналған Қазақстандағы тұңғыш хореография жанрындағы қойылым.

басты сурет 2.jpg

«Шыңғысхан» – бүгін бізде премьерасы. Осыдан екі жыл бұрын Тугсуу мырзамен кездесіп, осы қойылым бойынша үш апта жұмыс жасадық. Ары қарай біз осында қалдық, ол кісі өз еліне кетті. Солай жұмыс тоқтап қалды. Жасыратыны жоқ, барлығы қаражатқа тіреледі, 1 сағат 20 минуттық би спектаклін қою үшін қаншама костьюм керек. Халықтың алдында бір костьюммен билей бермейсін. Ол жалықтырып жібереді. Осы премьераға арнап 130 костьюм тіктірдік. Қаражат тапшылығынан бұл спектакльдің кейінге шегерілгені де дұрыс болған шығар, бұл бізге ойлануға, жасап жатқан дүниемізді одан ары пісіруге мүмкіндік берді. Бұл спектакль де біз саясатқа бармаймыз. Тек Шыңғысхан образын өзіміздің көзқарасымыз бойынша береміз. Мұндай тарихи тұлғаларға арналған қойылымдарды қою барысында ғылыми кеңесшіге жүгінеміз. Осы жолы бізге профессор, турколог, филология ғылымдарының докторы Қаржаубай Сартқожаұлы көмекке келді. Биыл бізге 20 жыл толып отыр, атаулы датаны атап өтуді осы «Шыңғысхан» спектаклімен бастауды жан көрдік», - деді «Наз» мемлекеттік би театрының режиссер – хореографы Қадиша Ағымбаева.

басты сурет 1.jpg

Қойылымда тарихи деректер мен аңыз-әңгімелерге сүйене отырып, Шыңғысханның бала кезінен бастап, ер жетіп, ел билеген кезеңдері қамтылды.

басты сурет 3.jpg

«Бұл спектакльде Шыңғысханның бозбала және хан болып көтерілгенге дейінгі ролін сомдаймын. Шыңғысханды сомдау мен үшін соншалықты қиын болған жоқ, бірақ бұл спектакльден алатынымыз өте көп. Өйткені бұл басқа елдің биі, Моңғолиядан арнайы хореограф маман шақыртылды. Қоюшы хореограф Тугсуу Тумурхуяг халықаралық деңгейде мойындалған азамат. Жас әртіс ретінде бұл мен үшін үлкен тәжірибе болды. Жалпы, қазақ хореографиясы мен моңғол хореографиясында айырмашылық бар. Дәлірек айтсам, би лексикасының арасындағы айырмашылық үлкен. Қазақ биінде қолды ұстау, "позициядан" аспау керек деген қиғадалар бар. Ал моңғол биінде қимылдар өте кең істеледі. Алайда қазақ және моңғол биінің мінез-құлықтары ұқсас келеді. Батырдың бейнесін сомдайтын болсақ екеуіне тән ер мінезі бар», - деп «Наз» мемлекеттік би театрының балет әртісі Ержан Құдайберген өз әсерімен бөлісті.

бастысурет 4.jpg

Сонымен қатар, «Шыңғысхан» хореографиялық спектаклінің қоюшы режиссері  Тугсуу Тумурхуяг қойылымды қою барысында алған әсерімен бөлісті.

bb944219-7a30-444a-8cb6-56456bde897c.jpg

«Осы спектакльді қоюға атсалысқаныма қуаныштымын. Жалпы екі ұлт арасында ұқсастық бар, кейбір дүниелерді би арқылы сөйлетуде үндестік те бар деуге болады. Маған ұсыныс жасалғанда бұл театр ұжымы туралы ештеме білмедім. Үш айда қойылымды қойып шығамыз деп айтылған болатын. Алайда мен күдікпен қарадым, байқап көрейік, сосын шешерміз деп ойладым. Ал ұжыммен танысып, бишілермен жұмысым басталғанда, қойылымды не бәрі үш аптада қойып шықтық. Бишілеріңіз өте талантты екен. Басты рөлді сомдаған бишілердің бәрін өзім іріктеп, өзім рольдерге бекіттім », - деді Тугсуу Тумурхуяг.

a0ca363e-bfa9-4bbc-9d88-fe0a7a87f659.jpg

Айта кетейік, қойылымның музыкасын композитор Бямбасүрэнгийн Шарав жазып шықты. 



Өзгелердің жаңалығы